Асхат Ғалымұлы Хасенов
Асхат Ғалымұлы Хасенов (13 қазан 1983 жыл, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, мұнай-газ саласының маманы<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2024 жылдың мамыр айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Мазмұны
Білімі
2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша инженер біліктілігімен бітірген.
2013 жылы Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтап, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2005 жылы мұнай-газ саласында бастаған.
2005–2006 — «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы (Қызылорда қ.).
2006–2010 — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жетекші маман, бас маман, кен орындарын игеру бөлімінің бастығы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президент.
2010–2011 — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бастығы.
2011–2014 — ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің мемлекеттік инспекциялау және рұқсат беру басқармасының басшысы.
2014–2019 — ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.
2019 — «ADA Energy» ЖШС Басқарушы директоры (наурыз-тамыз).
2019–2022 — «KLPE» («КейЭлПиИ») ЖШС Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары.
2022–2024 — Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі. Бұл қызметте жер қойнауын пайдалану және мұнай-газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.
2024 жылғы мамырдан — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы (2024 жылғы 15 мамырдан міндетін атқарушы, 28 мамырдан бастап төраға)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
«ҚазМұнайГаз» басшылығындағы қызметі
2025 жылғы тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, 2025 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Атап айтқанда:
- Мұнай мен конденсат өндіру көлемі 15,3 млн тоннаға жетті (2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары).
- Газ өндіру 6,7 млрд текше метрді құрады (+19%).
- Отандық МӨЗ-дерде 10,4 млн тонна мұнай өңделіп, жанар-жағармай өндірісі рекордтық 7,8 млн тоннаға жетті.
- Жаңаөзен қаласын ауызсумен қамту үшін Кендірлідегі су тұшыту зауыты іске қосылды.
- Полиэтилен шығаратын ірі зауыт құрылысы (жоба құны 7,4 млрд доллар) басталды.
Қоғамдық қызметі
- 2026 жылғы 9 қаңтардан бастап — Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- Құрмет ордені (2023)
- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2015)
- Мерекелік медальдар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),
- «Қазақстан мұнайына 120 жыл»,
- «KAZENERGY» қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП медальдары.
Отбасы
Үйленген.