Асхат Төлеуұлы Шәкіров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асхат Төлеуұлы Шәкіров (1947 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1996), профессор (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Дүйсенбай бұтағынан шыққан.<ref>«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017</ref>
Қысқаша өмірбаяны:
- 1970 жылы Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген;
- 1970–1992 жылдары oсы оқу орнында стажер, кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында, Қазақстан ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында лаборатория меңгерушісі;
- 1997–2001 жылдары бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, министрдің кеңесшісі;<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
- 2001–2002 жылдары Стандарттау, метрология және сертификаттау басқармасының бастығы;
- 2002–2003 жылдары Қазақ мұнай және газ институтының бас менеджері болды.
- 2003 жылдан Ақмола технология және стандарттау универмитетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify