Асхат Тазетдинұлы Ашрапов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958).

Өмірбаяны

90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті.

1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды.

Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді.

Түсірген көркем фильмдері

  • "Егер біздің әрқайсысымыз" (1961)
  • “Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966)
  • "Көкжиектен асқан іздер"(1964)
  • “Шыңдағы шынар” (1965)
  • “Артымызда Москва” (1967)
  • “Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972)
  • “Атаманның ақыры” (1970)
  • “Гауһартас” (1975)
  • “Қан мен тер” (1978)
  • "Алатаудың күміс мүйізі" (1979)
  • “Біз ересекпіз” (1980)
  • “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983)
  • “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм)
  • “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты.

Түсірген деректі фильмдері

  • “Ас атасы — нан” (1958)
  • “Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958)
  • “Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі”
  • “Халықаралық жастар фестивалі” (1959)
  • “Медеудегі кездесу” (1976)
  • “Мәжит Бегалин” (1981)
  • “Жетісудің 8-өзені” (1984)
  • “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген.

Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Фильмографиясы

Режиссер ретінде

Оператор ретінде

Марапаттары

  • Еңбек қызыл Ту ордені
  • Медальдармен марапатталған. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала