Асхат Берлешүлы Шахаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асхат Берлешүлы Шахаров 1978 жылы 3 қазанда РКФСР Орынбор облысы, Ақбұлақ ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Шахаров Берлеш Шағанбайұлы (1955 жылы туған), жүргізуші. Анасы - Шахарова Люба Күлмағамбетқызы (1957 жылы туған), мейірбике. Қазақ спорт және туризм академиясының жаттықтырушылық факультетін (1999) жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының (2002) халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген, экономист, халықаралық қатынастар маманы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1999 жылдан - Ақтөбе педагогика институты спорт пәндері кафедрасының оқытушысы, 2005 жылдан - доценті.
  • 2007 жылдан бері - Ақтөбе облысының ≪Олимпиада резерві орталығы≫ МК директоры.
  • ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі.
  • Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты (2007).
  • Самбо мен дзюдо күресінен ҚР чемпионы (1998-2005); Азия біріншіліктері және чемпионаттарының 2 мәрте жеңімпазы, 3 мәрте жүлдегері; әлем чемпионы (Ақтөбе, 1997; Красноярск, 1998); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Испания, 1999); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Мюнхен, 2001): XXVII жаздық Олимпиада ойындарына қатысқан (Сидней, 2000); самбо күресінен 3 мәрте әлем чемпионы (Киев, 2000; Кишинев, 2004; Астана, 2005). Самбо күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995).
  • Дзюдо күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері (1997)
  • Ақтөбе облысының Жыл адамы (2005).
  • ≪Құрмет≫ орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл≫ (2001), ≪Астананың 10 жылдығы≫ (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - прапорщик. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Әлия Болатқалиқызы (1985 ж. т.). Ұлы - Әли Мансұр (2008 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub