Астық майқандау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Астық майқандау - астықты таптаған кезде оның дәнегі астына түсіп, бетіне шыққан сабанын сыпырып алу үрдісі. Астықты қол орақпен орып бір жерге жинағаннан кейін, оның сабағынан дәнін бөліп алу үшін, тұлықтаспен және ат тұяғымен арлы-берлі таптайды. Ертеде майқандалған сабақты астықтың бір шетіне жағып, түнде жарық ретінде пайдаланып, жұмысты әрмен қарай жалғастыра берген.Қырман басындағы шаруашылық харекеттерге байланысты ежелден өзіндік ғұрыптар, ырымдар және жосын-жоралғылар қалыптасты. Бұлар, түптеп келгенде, шаруашылық харекетін үйлесімді және тиімді атқаруды қамтамасыз етуге бағытталды. Қырманға келгендер жұмыс істеп жатқан егіншілерді Қырман тасысын! Диқан дарысын! Обаны ассын! деп құттықтайды. Дән суырушылар құттықтаушылардың алғашқыларына бір кеусен дән берген. Кейде әйелдер қырман басына ыдысқа пісірілген ет салып әкелетін, ал егіншілер ауыз тиіп, ыдыстарын бос қайтармайтын. Барлық өңірінде қуаңшылық пен су тасқындарының болып тұруына байланысты құдайға жалбарыну, тасаттық, беру мен дұға оқу ұстанымдары атқарылып отырды.

Ақтөбе облысының егіншілері жер жыртып болған соң сабантой ұйымдастырған. Әйелдер жауын-шашын мол болсын деп, ауылға оралған диқаншылардың үсті су болғанша су шашатын. Бұл үрдіс той-думанмен аяқталатын. Қостанай және Қарағанды облыстарында Диқан бабаның құрметіне көк жағыс деп аталатын мейрам ұйымдастырылып отырды. Ал орақ кезінде күрделі ғұрыптар атқарылмаған, тек алғашқы астықтың түсімінен көже дайындалды. Осындай жосынды Шу өңірінің қазақтары қолданатыны туралы кеңес төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушісі Л.Чермак жазды. Айта кетер жайт - Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егін оруға әйелдер, ал оңтүстік аймақтарда тек ер адамдар шыққан. Оңтүстік облыстарда қолданылған тағы бір ғұрып қырман қандау деп аталады. Диқан бабаға арнап, құдай жолы деп қырман басында еркек қой сояды. Мұнысы жерге қан сіңсе, аруақтар риза болады, - дегенді білдіреді. Сондай-ак, қырман тойы ұйымдастырылып, осының құрметіне әлім ботқа деп аталатын ас әзірлеген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Астық майқандау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}