Астана телеарна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Астана телеарна - тарихы 1993 жылы наурызынан бастау алады. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. 2004 жылы қыркүйек айында "Астана" телеарнасы Алматы, Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларына хабар тарата бастады, ал 2006 жылы мамырынан Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Өскемен қалаларына таратылды.

"Астана" телеарнасы бүгінде көрермендеріне өзінің бірнеше жеке бағдарламаларын бастады. Телеарна "Астана-Финанс" холдинг құрамына кіреді. Арна хабары алғашқыда қала тұрғындарына арналды. Шетелдік фирмалардың аппаратурасымен жабдықталған. Арна екі ЖТС-қа ие. Оның екінші автобусында демалатын бөлме ұсынуда. Олардың қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикаылқ және мәдени өмірін көрсететін ақпараттық-сараптамалық, танымдық, ойын-сауық бағдарламалар бар. Арна шығармашылық ұжымының жұмысы елімізде және шетелде де назардан тыс қалмады. Арна тілшілері мен бағдарламалары бірқатар телевизиялық сыйлармен марапатталды. Олар - Париж (2003) - World Quality International Award сертификаты. САПА дипломы - Париж (2003) (Халықаралық дәрежеде).

Қазақстанның үздік аймақтық телеарнасы ретінде "Алтын Жұлдыз" наградасымен марапатталды. Халықаралық шығармашылық жастардың "Шабыт" байқауында журналистика номинациясы бойынша 1 орын - журналист Н.Қаратойшинаға "Жақынына жәрдемдес" бағдарламасы үшін берілді. "Астана" телеарнасының хабар тарату аймағы - ҚР.

Хабар тарату уақыты - тәулігіне 22-23 сағат, аптасына - жеті күн. Арна менеджменті ҚР Мемлекеттік тіл туралы заңның қатаң сақтайды. Аз ғана мерзім аралығында "Астана" ақпараттық таратылымның көшбасшысына айналды. Көрермендер соңғы жаңалықтардан құлағдар болып, әлеуметтік бағдарламалармен танысып, ең үздік қазақстандық және шетел кинотуындыларын тамашалап, жаһанда, мәдениет саласында және спорт әлемінде орын алған ең соңғы ақпарат легімен таныса алады. 2008 жылы желтоқсан айында "Астана" телеарнасы мен оның жанындағы "Салиқалы" және "NS" радиосы "Hұp-медиа" холдингінің құрамына енді. Бас директоры - Е.Барманқұлов.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}