Ассимиляция (тілтану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Otheruses Ассимиляция (Ықпал) (Үлгі:Lang-la - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен дауыссыздар үндеседі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

ISBN 9965-08-235-9</ref>

Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.

Ерекшеліктері

  • Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се (айтылуда: жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр: жасалу орны жағынан да, жасалу жолы жағынан да, дауыс қатысы жағынан да — бұл екеуі бірдей. Сол сияқты, з + ш немесе с + ш түрінде екі дауыссыз қатар түрса ш + ш түріне айналады; мысалы: сөз + шең, жұмыс + шы (айтылуы: сөшшец, жұмышшы); ш + с болса да ш + ш түріне айналады: қаш + са, шаш + са (айтылуы: қашша, шашша); з + ж түрі ж + ж-ға айналады: боз жігіт (айтылуы: божжігіт);
  • Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр. Сол сияқты, ақ ешкі дегеннің айтылуы ағешкі болып, өзінен кейінгі дауыстының ықпалымен қ дыбысы ғ дыбысына айналып түр; ал ақ бала дегеннің айтылуы ақпала болып, өзінен бұрынғы қатаң дыбыстың ықпалымен б дыбысы п дыбысына айналып түр; бала + лар (ұй\лер), қыз + дар (кәз + дер), ат + тар (шәп + тер) жоғарыдағы ізбен үндесіп түр. Осы келтірілген мысалдардан мынаны көруге болады: бір дыбыс екінші дыбысты толық, дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір ғана артикуляциялық белгі жағынан өзгертіп тұр; екінші сөзбен айтқанда, көршілес дыбыстар дауыс қатысы жағынан үндесіп түр: дыбыстар тіркесі үяң + қатаң (қатаң + үяң), үнді + қатаң (қатаң + үнді) немесе дауысты + қатаң, (қатаң + дауысты) түрде келмей, қатаң қатаңды тілеп, дауысты және үнді мен ұяң үяңды (немесе үндіні) тілеп тұр.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Жартылай түрдегі ассимиляция тілімізде өте жиі қолданылады. Ал, толық түрдегі ассимиляция қазақ тілінде де, өзге тілдерде де тым сирек кездеседі.

Сөйтіп, бір сөз көлемінде (түбір мен қосымша аралығында) немесе бірнеше сөз көлемінде (сөздер аралығында) тетелес келген дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз.<ref>Қазіргі қазақ тілі, Қазақ ССР Ғылым Академиясы, Алматы, 1954</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ассимиляция (тілтану)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}