Аспан координаталарының жүйелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны — ендік және бойлық (ф және X) географиялық координаталардың көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.
Аспан координаталары географиялық координаталарға ұқсас,бірақ астрономдар географтарға қарағанда әртүрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық.
Координаталардың көкжиектік жүйесі. Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына катысты кәрінерлік орналасуын қарастырсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы. Бұл жүйедегі негізгі жазықтық —математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі — көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш — азимут (А). Бұл бұрыш астрономияда, әдетте, оңтүстік нүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі —вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы— шырақ биіктігі (һ).
Шырақ биіктігінің мәні -90°-тан +90°-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.Бірак бұл координаталар жүйесін колдану кезінде туындайтын қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің кекжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының тұрған орнына байланысты. Мұндай координаталарды жұлдыздық карталар мен атластарда қолдану мүмкін емес. Көкжиектік координаталар шырақтардың аспанда белгілі бір орын мен уақыттағы орналасуын анықтайды. Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасының керінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол — экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы — аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сиякты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын керсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік деңгелегі бойымен өлшенетін доға үзындығына тең. Еңістіктін, аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы "оң", мәні 0-ден +90°-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда — "теріс", 0-ден -9 0 қа дейін. Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлықка ұксас. Ол тура көтерілу деп аталады да, а әрпімен белгіленеді. Тура көтерілу координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтық еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта өлшенеді. Сондықтан да жұлдыздардың көкжиектен шығу кезегі олардың тура көтерілу мәндерінің өсу ретімен болады. Тура көтерілудің мәні градустық (0°-ден 360-қа дейін) және сағаттық (0-ден 24 сағатқа дейін) бірліктермен өлшенеді. Осы бірліктердің арақатынасын анықтау 24 car = 360° екеніне негізделеді. Демек, 1 сағ = 15°; 1 мин = 15'; 1 с = 15"; 1° = 4 мин; 1' = 4 с. Жұлдыздардың экваторлык координаталарының мәндері бакылаушыға катысты емес, әрі ұзақ уакыт бойы өзгермейді. Осылар бойынша олар аспан карталарында орналастырылады және каталогтарда тіркеледі.

Кординаталардың көкжиектік жүйесі

Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Бірақ бұл кординаталар жүйесін қолдану кезінде қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты.

Кординаталардың экваторлық жүйесі

Аспан сферасындағы жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымн бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы аспан экваторының жазықтығы.

<ref>Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}