Аслан Есболайұлы Мусин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Аслан Есболайұлы Мусин (2 қаңтар 1954 жыл, Бестамақ ауылы, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) – қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, экономист.
Ақтөбе және Атырау облыстарын, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін, Президент әкімшілігін және Есеп комитетін басқарған. Парламент Мәжілісінің IV шақырылым депутаты және төрағасы болған.
Өмірбаяны
- 1954 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Әлімұлы тайпасының Кете руынан шыққан.<ref>Решение о смене Б.Рыскалиева Б.Измухамбетовым вызывает вопросы. Или не открывается ли путь к необратимым изменениям в Западном Казахстане? 1 часть Үлгі:Webarchive</ref>.
- 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
- Институтты бітірісімен Ақтөбе Санақ басқармасының есеп орталығында мамандығы бойынша әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген.
- 1979 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қазан айына дейін ҚКП басқару орындарында нұсқаушы, бөлім меңгерушсі, ҚКП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
- 1991-93 жылдары Монополияға қарсы күрес мемлекеттік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің төрағасы.
- 1993-94 жылдары — Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары — Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
- 1994-95 жылдары — Ақтөбе облыстық Экономика жөніндегі басқарманың бастығы.
- 1995-02 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі.
- 2002-06 жылдары — Атырау облысының әкімі<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 3 сәуір 2002 ж. № 841 О назначении Мусина А. Е. акимом Атырауской области</ref>.
- 2006 жылдың қазан айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі<ref>А.Е. Мусинді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 189 Жарлығы</ref>. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарды.
- 2007 жылдың 10 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
- 2007 жылғы 18 тамыздан бастап «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты.
- 2007 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымының бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы болып сайланады.
- 2008 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 13 қазан 2008 ж. № 671 «О назначении Мусина А.Е. Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан»</ref>
- 2012 жылғы 21 қыркүйекте Аслан Мусин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Аслан Мусин Есеп комитетінің басшысы болып тағайындалды</ref>
- 2014—2017 жылдары Қазақстанның Хорватиядағы елшісі.
Дереккөздер
Санат:
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағалары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары
- Ақтөбе облысының әкімдері
- Атырау облысының әкімдері
- Қазақстанның Хорватиядағы елшілері
- Қазақстанның Черногориядағы елшілері
- Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы елшілері
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары
- Қазақстан экономика министрлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары