Аса қанық ерітінді

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аса қанық ерітінді — белгілі бір температура мен қысымда еріген заттың ерітіндідегі мөлшері өзінің ерігіштігінен артық болатын ерітінді. Алғаш 1794 ж. орыс ғалымы Т.Е. Ловиц зерттеген. А. қ. е. тұрақсыз болады, оны алу үшін ыстық қанық ерітінді баяу суытылады. Егер А. қ. е-нің ішіне сол еріген заттың не кристалдық түрі ұқсас заттың кішкене түйірін салса, онда артық еріген зат лезде, түгел кристалданады. А. қ. е. қанық ерітіндіге айналған кезде, таза күйінде әуелі негізгі еріген зат кристалданады да, аз мөлшердегі қоспалар ерітіндіде қалады. Оның бұл қасиеті еріген затты тазарту үшін пайдаланылады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}