Асахи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асахи ("Көтерілген күн") - Жапонияның "Асахи симбунся" компаниясы шығаратын, жалпы халықтық бес ықпалды газетінің бірі.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. 1979 жылы құрылған. Штаб-пәтері мен редакциясы Токиода. Ел әкімшіліктерінде жергілікті жаңалықтармен бет ауыстыратын филиалдары бар. Редакция күн сайын басылымның 15-ке дейін таңертеңгі және кешкі шығарылымдарын шығарады.

Таралымы 10 млн. асады. Газет кертартпалық бағыт ұстайды. Жапон тіліндегі басылымдарымен бірге ағылшын тілдес баламасы да бар. "Асахи" техникалық жарақтандыруы бойынша алдыңғы қатарда. Токиодағы кеңсесінің төбесінде тікұшақтарға арналған алаңы бар, газет шығару үшін соңғы буын техникалары пайдаланылады, күн батареяларының энергиясы қолданылады, репортерлар байланыстың ұялы құралдарымен жарақтандырылған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}