Асанқадыр Исабек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асанқадыр Исабек - 1976 жылы 16 наурызда Алматы облысы, Көген ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін тамамдады.

2002 жылы Халықаралық «За-ман-Қазақстан» газетінде тілші, 2004 жылдан бастап Қазақстан Социал-Демократиялық «Ауыл» партиясының Алматы облыстық филиалында үйлестіруші қызметін атқарды. «Райымбек», «Жас толқын », « Жетісу жырлайды », «Алматының жүрегіндей Алмалы» атты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. 2008 жылы «Тамырдағы тәтті әуен» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты (2003), республикалық «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының лауреаты (2007). 2005 жылы өткізілген қазақ халқының даңқты батыры Райымбек Түкеұлының 300 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}