Асанас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Асанас қалашығы – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс жағында 48 км жерде орналасқан.

Тарихи деректер, зерттелуі

Жазба деректерде моңғол шапқыншылығынан бастап (1220) белгілі. Жауға табанды қарсылық көрсеткендіктен жермен жексен қиратылып, халқының көпшілігі қырылған. Сырдарияның бойындағы басқа да қалалар сияқты көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, XIV-XV ғасырларға дейін болған. Алғаш 1899 жылы В.А. Каллаур, кейінірек 1960-1961, 1968 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Н.Н. Вактурская) зерттеген.

Сипаты

Қала орны Асанас өзенінің құрғақ арнасы бойында орналасқан.
Цитадельінің аумағы 40х50 м, айналадағы деңгейден биіктігі 14 м. Орталық бөлігін қоршай орналасқан шаһристанның үлкен қабырғасы 300 м, кіші қабырғасы 200 м. Қорған қалдығының ені 15 м, биіктігі 5 м. Қазба кезінде жиналған қыш ыдыстар мен басқа да археология материалдар қаланың VI-XV ғасырлар аралығында болғанын көрсетеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер