Арқан тартпақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арқан тартпақ — қазақ халқының ұлттық ойыны. Оған қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді де, он құлаштай арқанның екі ұшынан ұстап, әрқайсысы өз жағына тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қарсыластарын бұрын сүйреп өткізген жақ жеңген саналып, жүлде алады. Күйеу қалыңдық алып бара жатқанда, оның көші қыз жағына жақын бір ауылдың үстінен өтсе, алдынан көлденең арқан тартады. Күйеу жағы кәдесін беріп өтеді. Мұны “арқан керу” деп те атайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify