Арқалық (обалар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арқалық — көне обалар. Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты ауылынан батысқа қарай 16 км жерде, Арқалық тауының оңтүстік беткейінде орналасқан. 1949 жылы Ә.Марғұланның жетекшілігімен болған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. 15 тас оба бар. Диаметрлері 1,5 – 3,5 м болса, биіктіктері 0,2 – 1,5 м. Олардың төртеуі қазылған. Қабірлерден адам сүйектері, бірнеше тас диірмен, моншақ алқа, т.б. табылды. Олар б.з.б. VII – V ғасырларға жатады.<ref>Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}