Арқалық ауданы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арқалық ауданы - Торғай облысындағы әкімшілік аудан. Жері 13,5 мың км². Халық 30,5 мың (1970). Ауданында 9 ауыл кеңес, 14 совхоз, 1 қала бар.

Географиялық ерекшеліктер

Арқылық ауданының жері адырлы келеді және шығыстан батысқа қарай аласара береді. Абсолют биіктігі 250-300м. Пайдалы қазбалары:

  • боксид,
  • отқа төзімді балшық,
  • қоңыр көмір.

Климаты тым континенттік: жазы ыстық, қысы суық. Ақпанның орта температурасы - 16, - 17°С, шілдеде 21,7°С- дан, 23,5°С- ға дейін. Жауын-шашынның орта мөлшері 200-250 мм. Мұнда Торғай өзенінің алабына жататын жалдама мен Қараторғай өзендерінің ұсақ салалары - Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Терісаққан өзендері бар. Көл Аудан қоңыр топырақты дала аймағына орналасқан. Су айырықтыры қөбінесе карбонатты қоңыр және сортаңдау қоңыр топырақты, ал өзен аңғарлары сортаң және сазды қоңыр топырақты келеді. Ауданының оңтүстігі аздап тастақ. Мұнда жусан аралас бетеге мен селеу, ал кей жерінде тек бетеге мен селеу ғана өседі. Қарынсалды, тасты және ащытасты өзендерінің аңғарларында түгелдей ғана жусан мен көкпк, ал Үлкен Қайыңды торғай өзендерінің аңғарында жусан, селеу, көкпек өседі. Арқалық ауданының негізгі тұрғындары қазақ, орыс, украиндар. Халықтың орта тығыздығы 1 км²- ге 2,2 адам шамасында Арқалық пен Есіл арасында темір жол қатынасы бар. Тасты, Шиелі, Ащытасты, Көктау, Восточный, Ковольный, Целинный, тағыда басқа елді мекендерден Арқалыққа автокөлік қатынайды.

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - егіншілік, одна барлық өнімнің 60 - 65%-і алынады. Ауыл шаруашылығының жері 1271,9 га (1970), оынң ішінде егістік 412,9 га, тыңайған жер 1,9 мың, габындық 4,5мың, жайылым 823,2 мың га(1970), оның ішінде 88%-і дәнді дақылдар, 11,5%-і жемшөп, 0,5%-і картоп. 1971 жылдың басында 18,3 мың ірі қара, 75 мың қой, 3,1 мың жылқы болды.

Арқалық қаласының өмірі

Арқалықта 11 бастауыш, 10 сегізжылдық, 6 орта мектеп, ауыл шаруашылық техникумы, мәдениет үйі, кинотеатр, 8 клуб, 16 кітапхана, балалар спорт мектебі, 5 аурухана, емхана, 26 балабақша бар. 1961 жылдан бастап «По Ленинскому пути» атты газет шығарылады.