Арынғазы Қайсақанов
Арынғазы Қайсақанов (1912 жыл, Семей губерниясы, Көкен ауылы (бұрынғы Жаңасемей ауданы - 7.03.1976) – экономист, партия кеңес қызметкері. Уақ тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949).
Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73).
Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске (3,5 шақырылмдарына) депутат болып сайланды.
3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
- 1912 жылы туғандар
- Жаңа Семей ауданында туғандар
- 7 наурызда қайтыс болғандар
- 1976 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары
- КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері
- Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан КП Қаскелең аудандық комитетінің бірінші хатшылары
- Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Ленин орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Қазақстан экономистері