Арынғазы Қайсаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арынғазы Қайсаханов (1912 жылы туған, Семей губерниясы, Көкен ауылы (қазіргі Жаңа Семей ауданы) – экономист, партия кеңес қызметкері.

БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949). Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73). Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды. 3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}