Арынды құбыр желісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арынды құбыр желісі (Напорный трубопровод) — 1) сұйықтықты төменнен жоғарыға қарай немесе ұзына бойға кесіндісін толтыра тасымалдауға арналған сорғы станциясының құбыр желісі. Сұйықтық қысымы арынды құбыр желісінің бойында өзгеріп отырады. Сорғы станциялардың арынды құбыры темір бетон, болат, асбестцемент, шойын және пластмассадан жасалады. Арынды құбыр желісі үздіксіз өрлеме бағытта, тік және көлбеу жазықтықтағы бұрылымдары шектелген түрде, ең қысқа жолмен тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіліп салынады. Құбырдың ұзына бойында 100 м-ге дейін бір сорғыға бір желі, 300 м-де жоғары екі-үш кұбырға бір желі, ал 100—300 м аралығында болса, онда орнатылатын желі саны математикалық-экономикалық есептеулер арқылы анықталады. Темірбетон құбыры мелиорациялық сорғы станциясының арынды құбыры есебінде: диаметрі 1700 мм-ден жоғары, қысымы 0,5 МПа-ға дейін имарат орнында дайындалатын; диаметрі 500-1600 мм аралығында, қысымы 0,5—1,0 және 1,5 МПа, зауытта дайындалып, имарат басында құрастырылатын; диаметрі 250—800 мм аралығында, қысымы 1,0 және 1,5 МПа, қабырғалы, болат өзекті, жер асты кондырғыларына арналған болып бөлінеді. Қажет кезінде есепті қысымды 3,0 МПа дейін жеткізуге болады. Болат құбырдың мелиорациялық сорғы станциясының арынды құбыры ретіндегі қысымы 1,5 МПа-дан жоғары жағдайда оның сорғыш құбыр есебінде барлыкқ диаметрі қолданылады. Арынды құбыр желісінің барлық бағытын өзгерткен жерлерінде, құрамалы құбырларда 200 м-ден асырмай, ал жайпақ жерлерде 200-300 м сайын анкерлі тіреу орнатылады. Анкерлі тіреулердің ортасына аралық тіреулер, ал әрбір 12—21 м сайын теңестіргіш (компенсатор) орнатылады. Асбестцемент құбыры мелиорациялық сорғы станциясының арынды құбыры есебінде, диаметрі — 100- 500 мм, ұзындығы — 3-4 м, қысымы — 0,6 МПа ВТ-6, диаметрі — 200-500 мм, ұзындығы — 5 м, қысымы — 0,9 МПа ВТ-9, диаметрі — 200-300 мм, ұзындығы — 6 м, қысымы — 1,2 МПа классты түрлері қолданылады. Арынды құбыр желісі артықшылығы салмағының жеңілдігі, ток өткізбеушілігі, тоттануға беріктігі, кемшілігі — морт сынғыштығы. Шойын құбырдың диаметрі — 65—1000 мм, ұзындығы — 2—6 м және 5-10 м аралығында дайындалады. Тоттануға берік болғанымен, массасы ауыр әрі қымбат. Пластмассалы құбырдың диаметрі — 10-630 мм аралығында, қысымы - 0,25; 0,40; 0,60 және 1,00 МПа-ға дайындалады, түйістіре қыздырып жалғанады. Артықшылығы — электрхимиялық тоттануға беріктігі, болат құбырға қарағанда, арын шығыны 30% аз. Пайдалану кезінде гидравликалық кедергі тұрақтылығын сақтайды, қысымы ауыспалы процестерде басқа материалдармен салыстырғанда, көп өзгеріске түспейді; 2) Арынды құбыр желісі атқаратын міндетіне қарай: турбиналық және деривациялық болып екіге бөлінеді. СЭС-ның арынды құбырларының материалдарының негізіне: болат, темірбетон және ағаш құрылымдары алынады. Ағаш құбырлар сыртқы күштің әсеріне төзімді болады, сол себепті бақылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оларды, әдетте, ашық түрде төсейді. Ағын құбырлары ұзақ мерзімге шыдайды. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}