Архиерей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Johann Otto von Gemmingen.jpg
Йохан Отто фон Гемминген — католик епископы

Архиерей (гр. archіereus — аға діни қызметкер) — христиан шіркеуінің басқару жүйесіндегі ең жоғары (үшінші дәрежедегі) лауазымды діни қызметкерлердің (епископтардың, архиепископтардың, митрополиттердің, патриархтардың) жалпы атауы. “А.” лауазымы әуелде діни қызметкер деген ұғымды ғана білдірген. “Көне өсиет” кітабында (Левит) да осы мағынада қолданылады. Қазіргі А. епархияны (діни әкімшілік аймақты) басқарады, священниктерді, дьякондарды қызметке тағайындайды, діни лауазым иелерінің және қатардағы христиандардың күнәсі мен күмәнін талқылайды, шіркеуде құдайға құлшылық ету, шоқыну, шоқындыру т.б. діни жол-жоралғы, рәсімдер өткізеді.