Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми бірлестік. 1895 ж. 11 желтоқсанда Ташкентте құрылған. Оған әскери әкімшіліктің басшылары, әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуніктер мүше болды. Кейбір жылдары мүшелер саны 100-ден асты.Археология әуесқойларының түркістан үйірмесіінде И.В. Аничков, В.В. Бартольд, Ә. Диваев, В.А. Каллаур, А.К. Кларе, Н.П. Остроумов, Н.Н. Пантусов белсенді жұмыс атқарды. Үйірме қызметі археол. материалдарды жинауға, ескерткіштерді тіркеуге, сипаттауға бағытталды. Сыр бойынан Алтайға дейінгі ежелгі қалалар, қамал-бекіністер, обалар, архит. ескерткіштер мен мазарлар алғаш рет зерттеу нысанасына алынды. Ескерткіштердің тізімі жасалып, біршама жүйеленді. Алғашқы археол. карталар жасалды. Эпиграф., нумизмат. мұралар жиналды. Диваев Қожа Ахмет Иасауидің мөрін тапты (1895), Каллаур Талас тас жазуын ашты (1896). Жекелеген үйірме мүшелерінің ашқан жаңалықтары өлкетануға енгізілген өзіндік үлес болды. Бірақ, үйірме Ресейдің империялық мүддесін ұстанып, көне Түркістан тарихының жазылуын мақсат тұтпады, археол. қазба жұмыстары жоспарсыз жүргізілді, табылған бағалы мұралар талан-таражға ұшырады. Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі 1917 ж. қызметін тоқтатты.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Археология әуесқойларының түркістан үйірмесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}