Архей эонотемасы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Архей эонотемасы (тобы) (грекше: archaios — көне) — Жер қыртысына тиесілі тау жынысытардың ең көне қат-қабаттарын біріктіретін эонотема. Жердің геологиялық дамуының бастапқы эраларын қамтитын архей жаралымдары жоғары дәрежеде метаморфтанған гнейстерден, кристаллы тақтатастардан, кейде амфиболиттерден, мәрмәрлардан және кварциттерден тұрады. Олардың қүрамында ішінара темірлі кварциттерден (джеспилиттер) мен кристаллы тақтатастар да ұшырасып қалуы мүмкін. Архей эонотемасына тиесілі тау жынысытар метаморфтық түрғыдан қатты өзгерген оларда органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ бүл тау жынысытар құрамында графит атомдарының кезігіп қалуы архей эонында да тіршілік белгілері болғандығын көрсетеді. Архей эонотемасының бүгінгі жіктемесіне сәйкес, ол төрт бөлікке жіктелген:
- эоархей
- палеоархей
- мезоархей
- неоархей
Архей атауы геология ғылымына енгізілген сәтте архей жаралымдары тобына (архей эонотемасына)кембрийге дейін қалыптасқан тау жынысы қатқабаттары түгел жатқызылған болатын. Бүгінгі таңда Архей эонотемасына кембрий кезеңіне шейін жаралған тау жынысытар тобының ең төменгі бөлігі ғана, яғни ең көне тау жынысытар бірлестігі жатқызылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>
Архей тобы<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref> - Кембрий кезеңіне шейін түзілген тау жыныстарының ішіндегі ең көнелері. Олар негізінен қайта өзгерген жыныстардан — гнейстерден, кристалды жіктастардан, сирегірек амфиболиттерден, мәрмәрлардан және тақтатастардан (кварциты) тұрады.
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub