Архей бірлестігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Архей бірлестігі (грек. архэос — көне). Кембрий кезеңіне шейін түзілген тау жыныстарының ішіндегі ең көнелері. <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4</ref>Олар негізінен катты өзгерген жыныстардан — гнейстерден, кристалды жіктастардан, сирегірек амфиболиттерден, мәрмәрлардан және тақтатастардан тұрады. Олардың құрамында ішінәра магнетитті тақтатастар (джеспилиттер) мен кристалды жіктастар да ұшырасып қалуы мүмкін. А. Б.-не тән жыныстарда органикалық қалдыктар кездеспейді, бірақ бұл жыныстар құрамында графит атомдарының кезігіп қалуы архей эрасында да тіршілік белгілері болғандығын көрсетеді. А. Б. шартты түрде екі бөлікке — төменгі және жоғарғы архейге — бөлінеді. А. Б. ұғымы геология ғылымына енгізілген сәтте бұл бірлестікке кембрийге дейін қалыптаскан тау жыныстары түгел жатқызылған болатын. Бүгінгі таңда А. Б.-не кембрий кезеңіне шейін жаралған тау жыныстары бірлестіктерінің ең төменгі бөлігі ғана, яки ең көне жыныстар бірлестігі жатқызылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}