Артық міндет және тура әрекет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артық міндет және тура әрекет - бұлар негізгі шығармашылық мақсат және шығармашылық әрекет, яғни мыңдаған жекелеген міндеттерді, рөлдерді біріктіріп, қорытындылайтын әсері. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Артық міндет және тура әрекет пьесаның тамыр соғысы, жүйкесі, қолқасы, негізгі өмірлік жолы.

Тура әрекет - бүкіл пьеса арқылы жүретін ой өзегі. Артық міндет және тура әрекет артисті ізденіске ұмтылдыратын және шығармашылыққа бағыттайтын компас. Тура әрекет рөлдердің өзіндік жекелеген бөлімдерін біріктіретін ұйымдасқан, терең тамырлы байланысы. Бұл рухани жіп, яғни маржанды, әшекейді немесе нақты жекелеген моншақты өз бойынан өткізеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}