Артур Алипов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Артур Алипов (18.10.1955. Актобе к.) телережиссер. Мәскеу қаласы Мемлекеттік Мәдениет институтын (1980), КСРО Мемл. телерадио к-тінін Жоғары курсын бітірген (1983). Еңбек жолын респ-ның кәсіби одақтар жүйесінде бастап, кейін (1980-82) Шымкент қ. әл-Фараби атынд. мәдениет ин-тында оқытушы болған <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

1982-1995 жылдары Қазақ теледидарында режиссер ассистентінен студияның әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясының бас режиссеріне дейінгі қиын да қызыкты жолдардан өтті. 1995-2007 жылдары ҚР Президентінің Телерадиокешенінде бас режиссер, шығарм.-өндірістік бөлімнің бастығы, кешеннің Алматы қ-ндағы филиалының жетекшісі қызметтерін атқарды. Жоғары дәрежелі режиссер (1989). Қазір респ. және халықар. денгейде өтетін түрлі кездесулер мен елдер арасындағы сан саладағы байланыстар аясындағы түсірілетін бейнефильмдерде реж-лік біліктілігінің жан-жақтылығымен ерекшеленуде.

Сценарий авторы және редакторы С.Байхонов, режиссері А.Алипов, дыбыс операторы Д.Мельников 1986-1987 жылдары "Сал үстіндегі маусым" атты телеэкспедиция аясында Сыр өңірінің экологиялық апатты аймақтарын аралап, Сыр бойымен жүздеген шақырым салмен жүзіп, табиғаттың жан жарасын аудиторияға шынайылықпен, бейнелі тілмен жеткізе білді.

Тележурналист A.Fалиевамен бірлікте жасаған экологиялық телебағдарламасы ОPT. теледидардан көрсетіліп, Халықар. экологиялық конференцияда жоғары дәрежедегі дискуссияға ұласты. 1990 жылы сәуір айында Қазақ теледидарынан өткен 12 сағаттык "Аралға араша" телемарафонының (ұйымдастырушылары Е.Шалахметов, A.Fалиева, К.Тұрсынов, А.Алипов) Интервидение және Еуровидение арқылы жер шарына таралуына режиссерлік түрғыдан аса білімділік танытты. Кинодокументалистикадағы Еңбектері: "Ұзақ жол, ұзақ ғүмыр" (В.Задвицкимен бірлікте, 1998 ж.), "Десятилетие, равное столетию" (2001), "Ел ағасы Қаратай Тұрысов" (2004), "Один день Президента" (2005), " Стальная магистраль" (2005), "Шагнувшие в бессмертие" (2006), "Даңғыл. Академик Е.Сапарғалиев" (2006), "Абайұлы би" (2007), "Ақ шағылда туған арман. Жазушы Әбіш Кекілбай" (2007). "АЛҚА" пікірсайыс телеклубында "дөңгелек үстел" басына жиналған саясаттанушылар, елімізге белгілі саясаткерлер, тарихшылар мен журналистер, белгілі коғам кайраткерлері еліміз бен облыс дамуындағы түйткілдерді ортаға салды. Парламент депутаттарымен өткен пікірсайыстан соң Парламент төрінде аймактың талай мәселелері көтеріліп, шешімін тапты.

2005 жылы көрерменмен кауышкан бағдарлама шын мәнінде зиялы қауымның бас қосатын ордалы ой ошатына айналды. Редакторы А.Шалтынбаева.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}