Арсен Томский
Үлгі:Кәсіпкер Арсен Григорьевич Томский (1973 жылғы 20 қарашада туған, Якутск, Саха Республикасы) — технология саласындағы кәсіпкер, филантроп, меценат, inDrive халықаралық интернет-компаниясының негізін қалаушы және бас директоры.
Ресейдегі тәуелсіз интернет-басылым Ykt.Ru-дың негізін қалаушы, «От Якутска до Кремниевой долины. История создания глобальной технологической компании» кітабының авторы (2019). Кітап 2022 жылы «inDriver.Якутиядан Кремний алабына дейін» қазақ тілінде жарық көрді. Кітапты қазақ тілінде Ұлттық аударма бюросы дайындады<ref>ТҮлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2023 жылдың соңында Арсен Томский қазақстандық Alternativa Film Awards киносыйлығында Қазақстан үкіметінің шақыруымен Қазақстан азаматтығын алғанын және Ресей азаматтығынан бас тартқанын жариялады<ref>Основатель InDrive Арсен Томский получил гражданство Казахстана Forbes</ref><ref>Основатель inDrive Арсен Томский получил гражданство Казахстана kapital.kz</ref>.
Өмірбаяны
Білімі
Ригадағы азаматтық авиация инженерлерін дайындайтын инстиутына оқуға түседі, кейін Якут мемлекеттік университетіне ауысуына тура келеді. 1995 жылы осы университеттің математика факультетін бітіреді.
2021 жылы Стэнфорд жоғары бизнес мектебінде басшыларға арналған бағдарламаны аяқтады.<ref>CEO Takes Ride-Hailing Company from Siberia to Silicon Valley, Gears up to Drive Global Expansion Stanford Business</ref>
Кәсіпкерлік қызметі
1994 жылы Якутияда өзінің кәсіпкерлік қызметін қаржы индустриясы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен бастады.
1999 жылы SakhaInternet компаниясын құрды, кейін ол Sinet Group болды және Ykt.ru сайтын ашты.<ref>История успеха Арсена Томского: «Не бойтесь, не слушайте отговорок. Делайте!» Северо-Восточный федеральный университет имени М.К. Аммосова</ref><ref>CAN THIS SIBERIAN ENTREPRENEUR MAKE YOU HAGGLE FOR YOUR RIDE? Үлгі:Webarchive OZY.com</ref>
2013 жылы Якутскте Арсен Томский inDriver («Independent Drivers» — тәуелсіз жүргізушілер деген сөздің қысқашасы)<ref>Арсен Томский: "В жизни – как на велосипеде, нельзя останавливаться в развитии" oyla.xyz</ref> компаниясын құрды, ал 2022 жылы оның атауы inDrive («Inner Drive» деген сөздің қысқашасы) болып өзгертілді.<ref>inDriver меняет название на inDrive kapital.kz</ref> inDrive жолаушылар тасымалы қызметі ретінде басталды; уақыт өте келе компанияға жүк тасымалдау, қалааралық саяхат, курьерлер және қалалық қызметтер кірген, басқа да сервистер қосылды.
2020 жылдың қаңтарында inDrive 72 миллион долларын құрайтын алғашқы ірі Инвестициясын тартып, 472 миллион долларға бағаланды.<ref>InDrive Profile Crunchbase</ref>
2021 жылдың басында inDrive ретінде танылып, 150 миллион долларлық инвестициялық раундта unicorn яғни бағасы бір миллиард АҚШ долларынан асқан компания компания ретінде танылды<ref>Siberian-born unicorn is now among the world’s top ride-hailing apps BNE</ref>, компанияға Insight Partners, General Catalyst и Bond Capital секілді қорлар инвестиция жасап, компанияны 1,23 млрд долларға бағалаған болатын.<ref>«Мы не благотворители, не патриоты. Мы развиваторы». Бизнесмен, который построит футбольные школы в малых городах России sports.ru</ref>
2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша inDrive қызметтері 46 елдің 700-ден астам қаласында қолжетімді болды. inDrive бас кеңсесі Калифорнияда Маунтин-Вью ауданында орналасқан.
2022 жылы Ресейдің Украинаға әскери басып кіруіне байланысты Арсен Томский жыл соңына дейін inDrive қызметкерлерін елден толығымен көшіру туралы шешім қабылдады<ref>Departure of Tech Workers Weighs on Russian Economy The Wall Street Journal</ref>.
Қоғамдық қызметі
Арсен Томский өз жобаларының атынан коммерциялық емес және қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырады.
2008 жылы Якут мемлекеттік университетінің базасында «Три долины» инновациялық технопаркін құрды, оның мақсаты аймақ экономикасын табиғи ресурстардан технологияға әртараптандыру.
2012 жылдан бері BeginIT коммерциялық емес білім беру жобасы жұмыс істейді. Жоба шалғайдағы ауыл мектептері мен балалар үйлерінің балаларын IT саласында мансапқа ұмтылуға ынталандыру үшін бағдарламалау негіздерін үйретеді. 2022 жылғы есеп бойынша жоба 13 елдегі 120-дан астам мектеп пен Балалар үйін қамтыды.<ref>Из inDriver — в inDrive: международный сервис проводит ребрендинг 24.kg</ref><ref>Indrive’s BeginIT Project Trains Underserved Children on IT Skills This Day</ref>
2021 жылы Арсен Томский өзінің «Sinet Spark» коммерциялық емес жобалау және білім беру ұйымымен Якутияның бірнеше аймағындағы орман өрттерін сөндіруге қаржылай көмек көрсетті, кейіннен ұйым Якутиядағы және әлемдегі орман өрттерінің шығу себептерін зерттеу және азайту жобасын жасады.<ref>Команда Sinet Spark, Некоммерческая проектно-образовательная организация 100 Most Creative Russians</ref><ref>Глава Якутии провел встречу с предпринимателем Арсеном Томским Якутия daily</ref>
2023 жылы Alternativa Film Awards халықаралық киносыйлығы бастау алды.<ref>inDrive запустил кинопремию Alternativa Film Awards Tribune.kz</ref> Сыйлық әлеуметтік маңызы бар фильмдерді қолдайды, жұмыстарды бағалау кезінде қазылар алқасы фильмнің көркемдік бөлігіне ғана емес, оның әлеуметтік мәніне де назар аударады.<ref>В Алматы прошла первая международная кинопремия Alternativa Film Awards Steppe</ref>
Арсен Томский 2023 жылдан бастап iQANAT қазақстандық қайырымдылық жобасының жанашыры ретінде Павлодар облысының қамқоршысы ретінде қатысып келеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2024 жылдың қаңтарында Айдын Рахымбаев пен Арсен Тоский "Ана үйі" жобасын халықаралық деңгейде дамыту мақсатында Mother's Home International Foundation (MHIF) қорын құратындарын және алдағы уақытта 10 елде жұмыс бастайтындарын хабарлады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.