Арман Абайұлы Шаққалиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Арман Абайұлы Шаққалиев<ref name="aqorda">Үлгі:Cite web</ref> (1 желтоқсан 1977 жыл, Балқаш, Қарағанды облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист және 2023 жылғы 2 қыркүйектен Сауда және интеграция министрі.
Жастық шағы және білімі
Арман Шаққалиев 1977 жылғы 1 желтоқсанында, Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.
Шаққалиев М.Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына, Еуразия ұлттық университетінде заңгер мамандығына және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде экономист мамандығына білім алған және сонымен қатар «Сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау бойынша» сарапшы-аудитор және Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі болып келеді.<ref name="zakonkz" />
Мансабы
Өз саяси мансабын Шаққалиев Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.<ref name="ministry">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2001–2002 жылдары аралығында ол Қазақстан Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы болса, бұдан кейін, 2004 жылға дейін Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы болды.<ref name="resmiy">Үлгі:Cite web</ref>
2004 жылы ол «Қазақстан метрология институты» РМК директоры болып тағайындалды, бұл қызметте 2008 жылға дейін болды да, бұдан кейін 2016 жылғы сәуірге дейін Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК директоры болды.<ref name="resmiy" />
2016–2018 жылдары аралығында Шаққалиев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры және 2018–2019 жылдары Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болды.
2019 жылдан 2020 жылға дейін ол — Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы. 2020 жылы ЕЭО-ға қайта оралып, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болып тағайындалды, бұл қызметте 2022 жылға дейін болды.<ref name="eldala" />
2022 жылғы 11 қазанда Шаққалиев Қазақстан үкіметінің қаулысымен Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды да, Ерлан Баттақовтың ізбасары болды.<ref name="vitseministr">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2023 жылғы 2 қыркүйекте Шаққалиев президент Тоқаев жарлығымен Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.<ref name="aqorda" />
Жеке өмірі
Арман Шаққалиев үйленген.<ref name="eldala" />
Марапаттары
Арман Шаққалиевтың марапаттары:<ref name="eldala">Үлгі:Cite web</ref>
- Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МГС) «Еңбек сіңіргені үшін» құрмет белгісі;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін (2019);
- «Жыл патриоты» ведомстволық сыйлығы (2019);
- Құрмет ордені (2021).
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті