Арманшыл жастық шағым- Украина!

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арманшыл жастық шағым- Украина! — тележурналист Өмірсерік Жұманның Елбасының Днепродзержинскіде өткізген жастық шағы туралы түсірген бейнефильмі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Бейнефильм авторы Президенттің естияр кезеңі өткен айшықты қаладағы оның өмір жолы мен ізгілік іздерін көрсетуді мақсат еткен. Әрбір сюжет нанымды, экранда бой көрсеткен кейіпкерлердің айтқан сөздері қызықты. Олардың Қазақстан Президентіне деген шынайы көңілі, мақсат-ниеттері, жарқын сүйіспеншілігі әрбір кадрда айқын байқалып тұрады. Бұл арада журналиске Елбасымен бірге әлемнің әр қиырдағы елдерін аралаған сапарлары тәжірибелік тұрғыдан көп көмегін тигізген.

Бұған дейін Президент туралы "Тарихи белес алғашқы белес", "Қазақ шаңырағы аясындағы қауышу", "Нұрсұлтан", "Президенттер көтерген ғимарат пен еккен шынар жайлы хикаят" сияқты деректі-публицистикалық фильмдерді көрермендер жылы кабылдады.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}