Аргументы-Факты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аргументы-Факты — бірінші саны 1978 жылы қаңтарда шыққан тәуелсіз апталық газет. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Бас редакторы — В. Старков. Әуелі Бүкілодақтық "Білім" қоғамының органы болды және лекторларға, насихатшыларға, саяси хабарламашылар мен үгітшілерге арналды. Алғашқыда идеология және насихат мәселелері бойынша шығатын түрлі басылымдардан үзінділер жариялады. 1980 жылы авторлар материалдарының түпнұскаларын баса бастады.

1990 жылы қазаннан ведомстволықтан тәуелсіз газетке өтті. Көлемі 24 бет (сондай-ақ 8-16 бет өңірлік косымша). Форматы A3. 1990 жылы әлемдегі ең көп таралымы (33 млн. астам дана) үшін Гиннесс рекордшылары кітабына енгізілді. "Аргументы и Факты" алғашқы болып бұрын жариялауға болмайтын көптеген тақырыптағы материалдарды басты. Газет сұхбат, әңгіме-дүкен, оқырмандар сұрағына жауап беруді дұрыс деп санайды, бейнелеу қатары коллажбен беріледі.

Оқырмандар үшін түрлі конкурстар жариялайды. Оннан астам тақырыптық қосымшасы бар: "Дочки матери", "Здоровье", "Я молодой", "Любовь", "Семейный совет", "На даче", "Есть идея", "Разбор", "Интерфакс Аргументы и Факты", "Авторяд", "Суббота", "Воскресенье", "Кот и пес"; балаларға арналған "Икс-Пилот", "Детская энциклопедия", "Колобок и два жирафа" журналдарын, "Почтовая газета" шыгарады. Интернеттегі электронды мағлұматы: www.aif.ru. Жазылушыларын эксклюзивті ақпараттармен қамтамасыз ететін "Аргумент и Факты Новости" өз ақпараттық агенттігі және "Аргумент и Факты видео" тележурналы бар. Басылым рейтингі бойынша орыс тіліндегі көпшілікке арналған әлемдік апталық болып қала бермек.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}