Арбаңдау
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қазіргі тілімізде — өрескел, ерсі қимылдау дегенге мезгейді. Дұрысын айтсақ, алғашқы мағынасы — сын есім — ірі, үлкен, биік мағыналарын бергендігін хакас тілі деректері анықтайды. Кейін сын есім түбіріне -да қосымшасының жалғануы арқылы ірі, үлкен тұлғалы жан иесінің қимылын білдіретін етістік пайда болған. Бұл ойымызды «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» мысал ретінде алынған мына сөйлем қуаттайды: «Қажакең... шапанын лақтырып тастап, аренаға арбаңдап шыға келді». Әңгіме Қажымұқан туралы. Атақты балуанның дене мөлшері қандай болғандығы әркімге де белгілі болса керек.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}