Арақашықтық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Арақашықтық (Үлгі:Lang-la — қашықтық) — сапта, жорықта немесе ұрыс алдындағы ретте әскери қызметшілердің, машиналардың, қарулардың, жіберу қондырғыларының, бөлімше немесе бөлімдердің (кемелердің) аралығындағы тереңдік бойынша қашықтық, сондай-ақ сапта немесе ұрыс ретіндегі ұшу кезіндегі ұшақтар (тікұшақтар) арасындағы аралық.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>
Ара қашықтық , математикада — маңызды геом. ұғым. Екі нүктенің А. қ-ғы осы екі нүктені қосатын түзу кесіндінің, нүктеден түзуге ( не жазықтыққа) дейінгі А. қ. берілген нүктеден берілген түзуге (не жазықтыққа) түсірілген перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына, ал параллель екі түзудің (не жазықтықтың) А. қ-ғы осы түзулерге (не жазықтықтарға) жүргізілген ортақ перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына тең болады. Сондай-ақ кеңістікте қиылыспайтын екі түзудің А. қ-ғы осы түзулердің әрқайсысы арқылы жүргізілген өзара параллель екі жазықтықтың А. қ-ғына (осы түзулерге ортақ перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына) тең.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub