Арасанбай Естен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арасанбай Естен - 1953 жылы 18 желтоқсанда Құлжа қаласында дүниеге келген.

  • 1956 жылы атамекені — Қазақстанға оралады.
  • 1970 жылы Арасан орта мектебін бітіргеннен кейін үжымшарда құрылысшы, аудандық газетте корректордың көмекшісі болып жұмыс істейді.
  • 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.
  • 2002 жылдан ЖШС «Баянжүрек» баспасының директоры.

Шығармашылығы

Алғашқы повесі «Шырғалаң» 1982 жылы «Таң нұры» атты ұжымдық жинақта («Жалын») жарық көрген. Республикалық «Жалын» баспасы өткізген жабық бәйгелердің үш мәрте (1977, 1986, 1995), «Астана — Бәйтерек», Халықаралық «Дарабоз» конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. «Наурыз тойы», «Үйленутойы», «Жігіттің үш жұрты» жинақтарын қүрастырған.

  • Ауыл таңы. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1985;
  • Баянжурек баурайында. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1987;
  • Тасжарған ерте көктейді. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1991;
  • Айжаңғырық. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996;
  • Әліппемен қоштасу. Өлең, жұмбақ, жаңылтпаштар. А., «Рауан», 1997;
  • Мектептегі мейрамдар. Сценарийлер. А., РБК, 2000;
  • «Жансауға». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2002;
  • Жеті сан киелі. Өлеңдер. «Олжас», 2003;
  • Періштелер патшалығы. Әңгімелер мен повестер. «Баянжұрек», 2009.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}