Арапшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұрынғы кезді былай қойғанда, қазірдің өзінде тілімізде «азғырушы», «әзәзіл» мағыналарында «арапшы» сөзінің қолданылуын өте сирек құбылыс дей алмаймыз. Соған қарамастан бұрынғы не соңғы түсіндірме сөздіктерде ұмыт қалғаны таңдандырады. К. К. Юдахин құрастырған сөздікте — көрсетілген мағыналарда —«арапчы» тұлғасында айта кетуді міндет деп білдік.

«Арапшы» сөзінің арғы тегі - төркіні түркі тілдері деп топшылаймыз және екі түбір сөз, бір қосымшадан құралғандығына мына тілдік деректер айғақ болғандай. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінің бірінде: ар — алдау, азғыру, өтірік айту дегенді оқимыз. Бұдан біз бірінші түбір — «ар» екенін байқадық. Екінші түбір сөзді («ап»-ты) берісі моңғол тілдері, әрегірек барсақ тунгус-маньчжур тобындағы тілдерден табамыз. Бурят тілінде: аб— (кейде «аба»)—арбау, сиқырлы күш маньчжур тобына жататын эвенкі тілінде: апта — сиқырлау, дуалау дегенді ұғындырады. Сөздікте эвенкі тіліне якут тілінен ауысқандығы белгіленген. Ертедегі моңғолдардың жазба тіліндеі аб — сиқырлық, көз байлаушылық мағыналарында болғандығын оқимыз.

Сөйтіп бірінші түбір «ар», екіншісі «ап» екендігі айдан анық. Тіпті ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде екеуінің қос сөз қалпында қолданылғаны жөнінде де дерек бар: ар-йув — алдау, адастыру. Осы қос сөздің екінші сыңары қазақ тіліндегі қолданыста «ап» қалпына айналуы тандандырмаса керек. Әрі қос сөз кейін келе қазақ тілінде біріккен сөзге айналып «арап» тұлғасы пайда болған. Ең соңындағы -шы, баршаға аян, белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдарды білдіруде қосылатын жұрнақ. Сөйтіп, «арапшы» тұлғасының, қазіргі тұрғыдан алғанда, қазақша мағынасы — «алдаушы», «сиқыршы» дегенді білдіреді екен.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}