Арам, арам шөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөздікте арам шөп - егістік арасында өсіп, пайдалы өсімдіктердің өсуіне зиянын тигізетін шөп. Түсінік бойынша, «арам» сөзінің ертедегі мағынасы мүлде ұмытылған. Оны осы сөздіктегі мына мысал дәлелдегендей: «Жусанды және басқа да арам шөптерді»... Ертедегі мағынасы қазір тілімізде қолданылып жүрген «жусанды» ұғындырған. Мұның дәлелін башқұрт тілі дерегі көрсетеді: әрәм — жусан (Үлгі:Lang-ru). Бұл тұлғалас сөздердің түркі тілдерінде ертеден барлығын М. Қашқари сөздігіндегі «Арамут» тұлғасындағы жер атауы растайды. Дәлірек айтсақ, тіліміздегі дәл бүгінғі «арам шөп» тіркесі. өте ерте заманда «жусан шөп» мағынасына нұсқайды. М. Қашқари сөздігіндегі жер атауы — жусаны көп жер болғандықтан тууы ықтимал. Бұл жерде ертедегі түркі тілінде, тіпті қазірдің өзінде от~ут — «шөп» дегенді ұғындыратынын еске алсақ болды. Сонда «Арамут» жер аты «жусаны көп», «жусанды» дегенді түсіндірмек. «Жусанның» «арам» болып аталуына арабтың «харам» сөзінің ықпалы болуы да еске алмайтын нәрсе емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}