Арал (аудан орталығы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АРАЛАрал ауданының орталығы (1930), қала (1938), темір жол стансасы (1905). Қала Арал теңізінің солтүстік-шығысындағы Сарышығанақ шығанағынан 20 км жерде орналасқан.
Тұрғыны 29,3 мың адам (2005).
Іргесі 1905 ж. Алтықұдық деп аталатын қоныс орнында қаланған. Қаланың тез өсіп қалыптасуына Орынбор – Ташкент (1901 – 05) т. ж-ның салынуы біршама ықпал етті.

1912 ж. кеме жөндеу шеберханасы іске қосылды. 1913 ж. елді мекен кентке айналды. Онда 2,0 мыңға жуық тұрғын болған. Қазан төңкерісіне дейін Арал кенті Қазалы уезі құрамында болды. 
1920 ж. кенттен шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан Жақсықылыш кен орнында натрий сульфатын өндіре бастады.
1920 ж. Арал балық зерттеу станциясы іске қосылды.
1923 ж. Арал болысы құрылды.
1924 ж. Қазалы уездік комитетінің шешімімен Арал кенті аудан орталығы болып бекітілді. Теңіз жағалауындағы бөлек-бөлек сор төбелер арасындағы шағын Сойғыртөбе, Шіркеутөбе (орыс шіркеуі болған), Ермектөбе, Дерментөбе, Атшабар елді мекендері бірігіп, болашақ қаланың негізін құрады. 1925 ж. «Арал мемлекеттік балық тресі» құрылды. 1928 ж. жаңа кеме жасау зауыты іске қосылды.
1930 ж. Арал қала аталды. Тұрғындары негізінен балық аулау және өңдеумен айналысуына байланысты қалада балық жүйесіне мамандар даярлайтын фабрика – зауыт училищесі (ФЗУ) және оқу комб. ашылды. Консерві зауыты іске қосылып (1930) жылына 6 млн. консерві шығарып тұрды. 1929 ж. Аралда аудандық аурухана іске қосылды, 1938 ж. аудан Ақтөбе облысынан Қызылорда облысына берілді. 1930 ж. аудандық байланыс бөлімшесі құрылды. Аудандық «Екпінді балықшы» газеті шыға бастады. 1938 ж. ол «Социалистік Арал», ал 1965 ж. «Толқын» деп өзгертілді. 1940 ж. әуе жолы ашылды. Ұшақтар Арал т. жағалауындағы елді мекендерге қатынас жасады. Кейіннен Арал – Мойнақ – Нөкіс әуе жолы қатынасы іске қосылды. 1960 жылға дейін Аралдан – Нөкіске, Мойнақ және Чарджоу (Чарджев) қаласына дейін кеме қатынап тұрды. Бұл су жолымен «Мәдениет кемесі» 1975 жылға дейін жүріп тұрды. 1950 – 60 ж. қалада екі мәдениет үйі («Балықшылар», «Маяк»), екі демалыс саябағы, 2 спорт алаңы болды. Қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1963 ж. Аманөткел – Арал су құбыры жүргізілді. 1963 ж. дейін қала тұрғындары ауыз суды т. ж. бойындағы су құбырынан алып тұрды. Ол кезінде (1904 ж.) Райым су станциясы арқылы жүргізілген. Қазіргі кезде «Арал – Сарыбұлақ су құбыры» мекемесі құрылып, ол Арал, Қазалы аудандарын таза ауыз сумен қамтамасыз ете бастады. Оның жалпы ұзындығы 108,5 км, елді мекендердегі ішкі су құбырының ұзындығы 142 км., 61 елді мекенді қамтиды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Севастопольден көшіріп әкелген консерві зауыты балық комб-на орналасты. Сол жылдары сауда саласы екі бағытта жүргізілді. Бірі қалалық кооперациясына бағынды, мал ш-на селолық (ауылдық) тұтыну одағы қызмет көрсетті.
Алғашқы балалар бақшасы 1930 ж. ашылды. 1960 ж. қалалық емхана, 1979 ж. жаңа үлгімен салынған (175 төсегі бар) ауданы аурухана пайдалануға берілді. 1976 ж. шыны зауыты іске қосылды. Бүгінгі Арал қаласы облыстағы іргелі өндіріс, мәдениет, білім беру орындарының бірі саналады. Қалада бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер негізінде 40-қа жуық ЖШС, 5 шаруа қожалығы, 12 ӨК, 11 АҚ, т.б. шаруашылық нысандары ұйымдасқан. Олардың ішіндегі ірі кәсіпорындар: Арал вагон жөндеу, «Ажар» АҚ, Автокөлік жөндеу зауыттары, «Дәулетэнерго» ЖШС-і, Мемлекет коммуналдық су құбыры, Аудандық электр жүйесі мекемелері, «Агропромтехника», «Береке нан» АҚ, нан зауыты, «Молшылық» АҚ, «Қарсай-Қази» ЖШС-і, «Аралтұз» АҚ, т.б.
Оқу-ағарту, мәдениет салаларында қалада жалпы білім беретін 8 мектеп, 2 мектеп-интернат, мәдениет үйі, 6 кітапхана, кинотеатр бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен 4 аурухана, 3 емхана, 3 дәріхана, Обаға қарсы күрес, Лепропункт, фельдш.-акушерлік пункт қызмет көрсетеді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арал (аудан орталығы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}