Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашалық министрлігінің қарамағында. 1933 ж. Бүкілодақтық Күріш тәжірибе станциясының (Краснодар қаласы) қарамағындағы Қызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік инстиутының құрамына енді.

1956 жылы 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашалық тәжірибе станциясы болып құрылды. 1964 жылы 25 тамызда КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 жылы 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 жылы бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1995 жылдан қазіргі атымен аталады. Ал 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашалық ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, егіншілік, көкөніс шаруашылығы және бақша өсіру, топырақ құнарлығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын эко-экономика сараптау және патенттеу, мал шаруашылық, ғылымды өндірістік және техникамен қамтамасыз ету бөлімдері және консалтинг орталығы бар;
2 тәжірибе шаруашылығында (Қызылорда қаласының әкімшілік құзырына қарасты Қарауылтөбе және Жаңақорған ауданындағындағы Түгіскен) күріш, бидай және көп жылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі.

Қызылорда облысы аграрлық өнеркәсіп кешенін, сонымен бірге республиканың күріш шаруашылықтарын ғылыммен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Институтта күріш дәнінің қызаруының генетик. табиғаты зерттеліп, онымен күресу жолдары анықталды; Қазақстан бойынша күріш сорттарының теориялық үлгілері жасалып, жоғары өнімді сорттарды шығарудың физио-биохимиялық. негіздері зерттелді; химиялық мутагенез рөлі зерделеніп, соның нәтижесінде күріштің «Маржан» сорты шығарылды; 2 мың селекци үлгілері бағаланды; ауыспалы егістің жаңа 8 танапты және қысқа ротациялы үлгілері әзірленді; ауыспалы егістіктерде егілетін дақылдың түріне, алғы дақылына және танаптардың арам шөптермен ластану дәрежесіне қарай топырақ өңдеу жүйесі белгіленді; күріш ауыспалы егісінде егілетін дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа,сұлы) және техникалық (мақсары, қант қызылшасы) дақылдар өсіру технологиясының параметрлері зерттелді; күріш ауыспалы егісіне бейім сорттарын анықтау үшін сорттарды экологиялық сынау жұмыстары жүргізілді; күрішті көшеттеп егу және оның дәнін өндіріп себу сияқты су мен тұқым аз жұмсалатын технологиялар әзірленді. Институтта күріш өсімдігі тұқымдарының ұлттық қоры жиналған.

Арал өңірінің қолайсыз жағдайына бейім таза тұқымды бактриан түйелердің сүт өнімдері жоғары топтарын іріктеу жұмыстары жүргізілді; сүтті және етті-жүнді бағыттағы малдарды іріктеу әдістері зерттелді; сұр түсті қаракөл қойларының заттық типін шығару жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта институт асыл тұқымды мал өсіруші – репродуктор мәртебесіне ие.

Күріштің 3 сорты, көп жылдық шөптің және қауынның 2 сорты, жүгерінің 1 сорты шығарылып аудандастырылды. Қазіргі кезде күріштің 4 сорты: «Арал 69», «Арал 318», «Арал 202» және «Ару» сынақтан өтуде. Институт ғылыми жаңалықтары мен 20 өнертабысына патенттер мен авторлық куәліктер алған. Институт халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Ғылыми жұмыстар жинағын, 75 ұсыныс пен әдістемелік нұсқауларды, 12 кітап пен монографияларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ ЮНЕСКО, Инко-Коперникус, БҰҰ жобаларын қолдау қоры, Ғаламдық экологиялық қор, Дүниежүзілік банк, тағы да басқа ұйымдармен бірге Арал өңірінің экологиясын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаларды дайындауға қатысады. Институтта техника ғылым докторы, профессор Т.Қарлыханов, ауыл шаруашылығының ғылым докторы Қ.Бәкірұлы, А.Н.Подольских, Х.Жамантіков қызмет істейді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}