Аралға араша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аралға араша1990 жылдың басында ұйымдастырылған телемарафон. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Қазақ теледидарының бір топ журналистері мен режиссерлері (А. Ғалиева, С. Әзімов, А. Алипов, Қ. Тұрсынов) "Аралға араша" телемарафонын өткізу жайлы идеяның пісіп-жетілгендігін айтып, Қазақстан КПОК-ті мен Орталық теледидардың және Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан теледидарларының басшыларының келісімін ала отырып, көлемі 12 сағаттық телемарафон өткізуге кірісті. Сапар барысында Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан аймақтарындағы Арал апатының зардаптары жан-жақты қамтылып, кең көлемдегі мәселелер Одақтық деңгейге дейін көтерілді. Телеэкранда Арал зардабының бүкіләлемдік деңгейге дейін жеткендігі, экологиялық зардаптың болашағы нақтылы фактілермен айқындалды. Көлемі 200 сағаттан астам бейне және киноматериалдар жинақталды.

Нәтижесінде, 1991 жылы сәуір айында идея жүзеге асып, тікелей эфирден 12 сағаттық телемарафон өткізілді. Телемарафон Орталық телевидение көмегімен Еуровидение және Интервидение арқылы әлем жұртшылығына көрсетілді. Аралға көмек ретінде қорға 40 млн. сом қаржы жиналды.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}