Аралық және тұйық аралық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аралық және тұйық аралық - түзу сызық бойында жатқан нүктелердің қарапайым жиыны.

Аралық - түзу сызық бойында А және В нүктелерінің арасында жатқан нүктелердің жиыны, сонымен бірге А мен В нүктелері қамтылмай жиыннан тысқары орналасып, оған тиесілі болмайды: (a, b) немесе ]a, b[ болып белгіленеді.

Тұйық аралық(сегмент) - түзу сызықтың бойындағы А және В нүктелерін де қамтитын нүктелер жиыны: [a, b] болып белгіленеді.

Аралық пен тұйық аралық сәйкес түрде a≤x≤b теңсіздігін қанағаттандыратын нақты сандар жиындарын белгілеу үшін қолданылған.

Аралық пен тұйықты аралықты белгілеуді оның ішінде(a, b) белгісін 1909 жылы неміс математигі Герман Ковалевский(1876 - 1950) енгізсе, [a, b] белгісін 1921 жылы австриялық математик Ханс Хан(1879 - 1934), ал ]a, b[ белгісін 1956 жылы Никола Бурбаки деген лақап ат жамылған француздық математиктер тобы енгізген.

Дереккөздер

Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.