Арайлым Сәбитқызы Мұсағалиева
Үлгі:Ғалым Арайлым Сәбитқызы Мұсағалиева — тарих ғылымының докторы (2010).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1974 жылы 4 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Тәтірке (қазіргі Жамбыл) ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1996), аспирантурасын (2000) бітірген.
1996-97 жылдары осы университетте стажер-зертеуші болды. 2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, 2007 жылдан доцент қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты — Отан тарихының іргелі мәселелерін деректік тұрғыда зерделеу, деректану, тарихнама саласы.
"Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары, құжаттары кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
90-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік құралдың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапаттары
- "Еуразия ұлттық университетіне 25 жыл" медалі (2021).