Араб ақпарат агенттіктерінің Федерациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Араб ақпарат агенттіктерінің Федерациясы (ФАНА) (Иттихад-Викалят алб-Анба аль-Арабия Federation of Arab News Agencies FANA, Federation des Agences de Presse Arabe) — араб елдерінің 16 ақпарат агенттіктерін біріктіретін ұйым.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

АПС (Алжир), АМП (Мавритания), AHA (НДРЙ), ВАМ (ОАЭ), ДЖАНА (Ливия), ИНА (Ирак), КИА (Катар), КУНА (Кувейт), НИА (Ливан), МАП (Марок--ко), Петра (Иордания), Саба (ЙАР), САНА (Сирия), САП (Сауд Арабиясы), ТАП (Тунис), сонымен қатар ВАФА Палестина ақпарат агенттіктері кіреді. 1965 жылы негізі каланған. 1974 жылы сәуірінде Бағдатта өткен екінші Бас Ассамблея федерациясынан кейін қызметін бастады. Федерация мақсаты араб елдерінің ұлттық ақпарат агенттіктерімен "кәсіби байланысты күшейту", "араб елдерінің ішінде және шетелде ақпаратты кеңінен тарату және ақпаратпен қамтамасыз ету".

ЮНЕСКО-да кеңесшілік дәрежесі бар ("С" категориясы), мемлекетаралық ұйым ретінде араб елдерінің ұйымдарымен және Халықаралық журналистер ұйымымен байланыста. Жоғарғы ұйымы жыл сайын шақырылатын, құрамында агенттіктің Бас директорлары мен Араб ақпарат агенттіктерінің Федерациясы мүшелері болып табылады. Атқарушы ұйым ассамблея 5 жылға сайланған, құрамында бес мүше мен бес хатшының басшылығымен жүргізілетін Бюро болып табылады. ФАНА-ның штаб-пәтері Бейрут каласында (Ливан) орналасқан.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}