Аптығу, асығып-аптығу
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қос сөздің алғашқы сыңары — «асығудың» мағынасы әркімге аян және түсіндірме сөздікте дәл берілген. Сондай-ақ екінші сыңарының да мағынасы, түсіндірме сөздікте, «асып-сасу, алқыңу,демігу» дегенге нұсқайды. Біздің байқауымызша, «аптығу» сөзі жүйесі басқа тілдердің бірінен, дәлірек айтсақ, парсы тілінен ауысқан сияқты. Бұл тілде: абатил (кітаби сөз)—әбігер, босқа әурелену мағынасын ұғындырады. Бір қызығы, «аптығу» сөзі араб, парсы сөзі екендігі ие Е. Бекмұхаметовтың, не Н. Оңдасыновтың жоғарыда аталған еңбектеріне енбеген. Сондықтан да біз мұны сөз төркінін ақтарту үшін әдейі сөз етіп отырмыз. «Абатил» сөзінің қазақ тілінде «аптығу» тұлғасына дейін өзгеруі, біріншіден, тіліміздегі дыбыс заңдылықтарына сәйкес болса, екіншіден, қос сөзге тән қасиет — екінші сыңарының алғашқыға ұйқаса айланысуынан деуге болады. Сөйтіп, қос сөздің екінші мағынасы «асығу» іс-қимылынан туатын нәтиже — әбігерлену, босқа әуреленуді ұғындырып тұр.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}