Аппақ Майтабанқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аппақ Майтабанқызы (1904, ҚХР, Іле аймағы, Қорғас ауданы Кертас жайлауы - 1961, сонда) - әнші, домбырашы, ақын. Аппақтың анасы Алмажан әнші болған. Аппақ ағаш Нұрақыннан 40-тан астам күй үйренеді. Ол халық ән-күйлерін шебер орындаушы ғана емес, өз жанынан да ән шығарған. Аппақтың "Көк өзен", "Құбажай" атты әндері белгілі. 1970 жылы оның "Көк өзен" әні радио арқылы көпшілікке таратылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify