Аполлон (ежелгі Грекия)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Сурет:Belvedere Apollo Pio-Clementino Inv1015.jpg
Бельведер Аполлоны

Аполлон (Үлгі:Lang-grc) - ежелгі грек<ref>Мифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.1. С.92-96; Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М., 2001. В 3 т. Т.1. С.133-134; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека I 3, 2 далее</ref>, рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірі; Зевс пен Летоның (Латондар) баласы, Артемиданың (Ай) інісі (егіздің сыңары). Кейде оның атын Феб (Үлгі:Lang-grc - "нұрлы"), кейде Мусагет (Үлгі:Lang-grc2- музаның серігі) деп атаған.

Өмірбаяны

Зевс пен Летоның баласы, Артемиданың егіз-сыңары, Титандардың - Кей мен Фибаның немересі, Аполлон Делос аралында айдың жетінші күні туған<ref>Гесиод. Труды и дни 771</ref>. Миф бойынша, Аполлон туғанда бүкіл аралға күн нұры төгіліп жаулап кеткен.

Жеті айлық болып жетілмей туған<ref>Схолии к Каллимаху. Гимны IV 251 // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.408</ref><ref>Каллимах. Гимны IV 250—252</ref> Аполлонды анасы сүтпен емізбеген, Фемида оны шәрбәт пен амброзиямен асыраған <ref>Гимны Гомера I 123—125</ref>. Гефест оған сыйлыққа садақ оғын берген<ref name="Гигин. Мифы 140">Гигин. Мифы 140</ref>.

Пифонның өгіздерін бағып жүріп <ref>Схолии к Пиндару. Пифийские песни Введение // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.412</ref>, тез өсіп-есейген Аполлон (туғаннан кейін 4-ші күні<ref name="Гигин. Мифы 140"/>) Дельфиний жыланын өлтіреді. Ол жылан бүкіл Дельфыны бүлдіріп, ойран қылатын жылан екен мыш. Осы, тағы басқа жақсы істері үшін Дельфының тұрғындары Аполлонның данқын шығарып, құрметтейді.

4 жасында Делос аралында Аполлон Артемида өлтірген кербұғылардың мүйіздерінен ғибдатхана салады<ref>Каллимах. Гимны II 58-64</ref>.

Негізгі мифтер

  • Аполлон өз садағымен Титий Алыпын өлтірген (Лето мен Зевске сөз тигізген үшін). Басқа да титандар мен алыптармен шайқасқа түскен.
  • Алыптарды өлтірген үшін Зевс оны 1 жылға қарапайым адамның қарамағына жібереді<ref>Гесиод. Перечень женщин, фр.54b М.-У.</ref> (басқа нұсқада - 8 жылға<ref>Схолии к Еврипиду. Алкестида 1 // Лосев А. Ф. Мифология греков и римлян. М., 1996. С.418</ref> ). Фессалия патшалығындағы Адметтің<ref>Гигин. Мифы 49; Драконций. Похищение Елены 206—210</ref> мал падаларын Геракл мен бірге бағып жүріп патшаның әйелі Алкестаны өлімнен құтқарған.
  • Посейдонмен бірге Троя қаласының қабырғаларын көтерген<ref>Гесиод. Перечень женщин, фр.235 М.-У.</ref><ref>Гомер. Илиада XXI 441—457</ref>.
  • Аполлон мен Артемиданың садақ оқтары қарияларды кенет өлімге ұшыратады, кейде себепсіз өлітреді. Троя соғысында Аполлон троялықтарға көмектеседі: оның садақ оқтары ахейлардың әскери лагерін 9 күндік обаға ұшыратады. Партоклдың өлтіруінде және Ахиллдың өлтіруіне париспен бірлесіп көзге көрінбей қатысады.
  • Артемида екеуі Ниобаның балдарын өлтіреді. Музакалық сайыста Марсий сатирды жеңеді, осыған ашуланған Марсий Аполлоннан терісін сыдырып тастайды.
  • Қиратып өлтіретін қасиеттерімен бірдей Аполлонның емшілік қабылеті де болған. Дәрігер, көмекші, қорғаушы, ол Пелопонесс соғысында обаны тоқтаттқан. Бірінші болып көзді емдеген<ref>Гигин. Мифы 274</ref>. Аполлонның емшілік күшін күннің күшімен салыстырған.
  • Паннан көріпкелдікті үйренген Аполлон Кассандраға өзінің батасын беріп, оны да сәуегейлікке бағыттаған.
  • Аполлон - әулие, бақсы. Кіші Азия мен Италияның көптеген киелі жерлерінің негізін салушы болған.
  • Аполлон - музыкантта болған. Өзінің кифарасын ол Герместен бір табын сиырларына ауыстырып алған. Әншілер мен музыканттардың қамқоршысы, Аполлон өзіне ешкімді теңемей, жарысқысы келген адамды қатты жазалаған. Бүкіл әншілер Аполлон мен Музадан тараған<ref>Гесиод. Теогония 94-95</ref>.
  • Көктемде және жазда Дельфыда тұрған Аполлон, күзде аппақ аққуларды жегіп, колесницамен Гипербореяға анасының туған жеріне кетеді.

Олимпиадада Аполлон жүгіруден Герместі жеңіп, жүдырықтасып төбелесуде Павсанийді жеңген.

  • Аполлон Пелая мен Фетиданың тойында өлең айтқан.
  • Аполлонға табыну салты, шамасы, Кіші Азиядан Грекияға, одан Римге тараған болу керек.

Дереккөздер

<references/>