Апелляция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аппеляция, шағым - істі шын мәнінде қайта қарауға құқы бар жоғарғы орындарға өзі келіспейтін шешім немесе қаулы-қарарлар жөнінде шағымдану. Өктемдік құрылымдармен келіспеушілік жағдайында, мысалы, ауруханаға берілетін лицензияға рұксат бермеген, сақтандыру төлемдерін өтемеген т.б. жағдайларда колданылады.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Сот актісін шағымдау нысандарының бірі. Аппеляция істі мәнісі бойынша екінші сатыдағы соттың жаңадан қарауын және іс бойынша жаңа үкім шығаруын болжайды. Шағым бойынша істі қайта қарау сатысы үкімді тек өтініште (наразылықта) көрсетілген жағдайлар шегінде ғана тексереді. Істі қайта қараған сот, негізінен істегі жазбаша материалдар бойынша шешім шығарады.

Апелляциялық саты

Бірінші сатыдағы соттың әлі заңды күшіне енбеген үкімдерін, қаулыларын шағым (наразылық) білдіру бойынша қарастыратын екінші сатыдағы сот.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}