Апат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:1918trainwreck.jpg
1918 жылғы поезд апаты

Апат - (Үлгі:Lang-el - өзгеріс, төңкеріс)

  1. кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар - қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бірнәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс;<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
  2. жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс;
  3. жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін секірмелі құрылымдық-функционалдық өзгерістер.

Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады:

  • жер шарын шарпитын,
  • жаһандық,
  • ұлттық,
  • аймақтық,
  • шағын (жергілікті),
  • нысаналы апаттар.

Табиғи-техногендік ортада апаттардың былайша жіктелуі оларды талдау әдістері мен жүйелерін және оларды болжау мен алдын алу бағытында жол сілтейді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова 

Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Апат(теңіз құқығында)

Теңіз құқығында қолданылатын «апат» заң терминінің әдеттегі мәнінен айырмашылығы жүкке немесе жалдау кіресіне (фрахт) — әдейі немесе байқаусызда келтірілген залалды білдіреді.

Апат сертификаты

Сақтандырылған мүлікке келтірілген залалдың себептері мен мөлшерін, сипатын қуаттайтын құжат. Апат сертификатын негізге ала отырып, сақтандырушы төлем төлеу немесе сақтанушының кінә қоюын қабылдамау туралы шешім қабылдайды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}