Апамның астауы (әңгіме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Апамның астауы» — көрнекті қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің жазған әңгімесі.

Қысқаша мазмұны

Ол (автор) он бес жасына дейін апасының тәрбиесінде болады. Әпкесі Шолпан күйеуге қашып кетеді. Қашыбай құда оған ақша береді. Сол күннен бастап ол апасынан бөлек жатады. Ер жеткенін түсінеді. Білім алып, қызметке орналасып, қалада қызмет істеп жүргенде түсіне апасы кіріп, ауылға келеді. Сол жазда ешкімге ұқсамайтын, қадір-қасиеті артық, ерекше жан апасы дүниеден өтеді.

Шығарма кейіпкерлері

  • Апа - «ер-азамат атқарар істі қасқая көтеретін, он саусағынан өнер тамған, ақылы жүздеген ұстаз мың сан мектертен артық, қойнынан аңқып шығар әжелік иісі бар, дүние жүзіндегі күшті адам».
  • Лирикалық қаһарман:
    • мен (автор) - 15 жастағы әже тәрбиесінде өскен, ерке бала;
    • "мен" - білім алып, қызмет-атақ қуған ер-азамат.
  • Дос - атасы (марқұм болған).
  • Шолпан - апасы (үйінің тұңғышы).
  • Қашыбай - ат-арбасын бермеген, кейін құдандалы болған кісі.
  • Жеңісхан - бауыры.<ref>О.Бөкей, Кербұғы. Әңгімелер мен повесть, Алматы, Атамұра, 2003 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер