Антономазия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антономазия - 1) кісі есімдерін немесе белгілі бір заттың атауын басқа сөзбен айту. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Мысалы әл-Фараби деудің орнына екінші ұстаз ("мұғалім ассани") деп айтушылық. 2) Жалқы есімдердің жалпы есімге ауысуындағы құбылыс.

Бұл көркем шығармаларда көбірек кездеседі. Мысалы Дон-Кихот Сервантес романындағы бастапқы ұнамды қасиетін жоғалтып, "есерсоқ", "ақымақ" мағынасында қолданылады. Дон-Жуан "әйел қауымын алдаушы" дегенді білдіреді. Отелло "қызғаншақ күйеу" символына айналған. Антономазия қазақ тіліне де тән құбылыс.

Қарабай деп "дүниеқоңыз", "сараң" адамды айтады. Жантық "араға от салушы", "арандатқыш қу" бейнесін елестетеді. Қыз Жібек пен Төлеген ғашық жандардың екінші атауына айналып кеткен.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}