Антикоммунизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Anticommunist Logo.png
Антикоммуниcтер логотипі

Антикоммунизм - коммуниста қозғалыстардың, партиялардың, ұйымдардың, коммунизмнің теориясы мен тәжірибесімен белсенді қарсы күрес идеологиясы, саясаты және тәжірибесі.

Антикоммунизм XIX ғ. ортасында К.Маркс пен Ф.Энгельс өздерінің коммунизм және "Коммунистер одағы" теориясын құрмай тұрып пайда болды. XIX ғ. бірінші жартысында және одан бұрын да коммунизм идея түрінде, утопиялық социализм тәжірибесі ретінде өмір сүрді әрі онымен күрес сол кездің өзінде Антикоммунизм тарихи түрі болды. Әлемде коммунистік идеялар мен коммунистік қозғалыстардың көбеюіне орай, әсіресе, Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін социализм жүйесінің пайда болуына байланысты қарама-қарсы әлемнің идеялық-саяси іс- әрекетінің басты бағыттарының бірі Антикоммунизм болды. Антикоммунизм капитализмнің коммунизмнің антикапитализміне қайтарған жауабы еді. Бұл өз кезегінде 1918-1922 жж. Ресейдегі, 1936-1939 жж. Испаниядағы азамат соғысы, шетел интервенциясы, 1941 ж. Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі, "қырғи-қабақ соғыстан" көрініс тапты. Әлемде, жекелеген елдерде, ха¬лықаралық қатынастарда кең әрі түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде Батыста Антикоммунизм тұрпайы, жауыққан қалпынан өзгерді, оның орнына постсоциалистік елдерде керісінше, күшейе түсті. Антикоммунизм бір түрі ретінде антикеңестік бағытты, барлық кеңесгік істерге, KCPO-ға, оның идеологиясьша, саясатына қарсы идеялық-саяси ағымды атауға болады. Антикоммунизм ашық жауыққан түрде (мысалы фашистік елдерде), сондай-ақ салыстырмалы жұмсақ, бүркемеленген түрде де көрінуі мүмкін. Сонымен қатар коммунизмнің теориялары мен іс-тәжірибесіне, әсіресе, сталинизмге, оған ұқсас квазикоммунизмге қар¬сы кез келген пікірлерді жөн-жосықсыз Антикоммунизм жатқыза беру дұрыс емес. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антикоммунизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}