Антигуа және Барбуда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox country Антигуа және Барбуда (Үлгі:Lang-en) — Орталық Америкадағы мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Жер көлемі 442,6 км², халқы 81,4 мың адам (1994).

Мемл. құрылысы — британ үлгісіндегі парламенті бар констит. монархия. Үкімет басшысы — премьер-министр. БҰҰ-ның және Британия Ұлттар Достастығының мүшесі. Астанасы және негізгі портты қаласы Сент-Джонс, онда 36 мың адам (1994) тұрады. А. ж. Б. халқы негізінен арғы тегі африкалық зәңгілерден құралған.

Діни сенімі жағынан көпшілігі — протестанттар. Ресми тілі — ағылшын тілі.

Аралдардың климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 1000-1500 мм. Ұлттық табыс көзі — қант құрағы мен мақта өсіру және туризм. Оңт.-нде жиһаз, тоқыма, тұрмысқа қажетті электротех. бұйымдарын шығару ісі дамыған.

Тарихы

Антигуа аралын 1493 ж. Х.Колумб ашып, әуелі Испанияның, 1632 жылдан бастап Ұлыбританияның отарына айналды.

1940 ж. Англия аралдардың біраз бөлігін әскери-әуе және әскери-теңіз базасы етіп пайдалану үшін 99 жыл мерзімге АҚШ-қа берді. 1977 ж. Антигуа және Барбуда елдегі соғыс базаларын сақтау туралы АҚШ-пен келісімге қол қойды.

1967 ж. “Ұлыбританиямен ассоциацияланған мемлекет” статусын алды. 1974 жылдан Кариб қоғамдастығына мүше. 1981 ж. қарашаның 1-інде Антигуа және Барбуда тәуелсіз мемл. болып жарияланды.

Экономикасы

Антигуа және Барбудада қант құрағы мен мақта өсіріліп, шетке шығарылады. Ұлттық табыстың негізгі көзі — туризм. Басты порты Сент-Джонс ел экон-сының кәсіпкершілік орталығы болып саналады.

Дереккөздер

Үлгі:Reflist Үлгі:Солтүстік Америка елдері


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антигуа және Барбуда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}