Антеклиза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антеклиза (юнанша anti – қарсы, klisis – еңіс) – платформа ауқымындағы ірі (ауданы 100 км2-ден астам) тектоникалық көтерілме құрылым. Жазықтықтағы пішіні дөңгелек не сопақша болып келеді. Антеклизаны платформалық тыс деп аталатын шөгінді немесе жанартаутекті-шөгінді тау жыныстарының қатпарланбаған, бірақ аздап еңістенген (әдетте 1۫-қа дейін) қат-қабаттары құрайды. Ол ұзақ геологиялық мерзімде, бір немесе бірнеше тектоникалық айналым барысында түзеледі. Антеклиза аумағында кішігірім күмбездер, ойыстар сияқты ұсағырақ құрылымдар жиі ұшырасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Антеклиза<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref> - Мейілінше ірі (ауданы 60-100 мың шаршы шакырымнан астам) платформалық деңес (көмпейме) құрылым. Дөңес қанаттарының еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антеклиза|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}